Моңғолия Қытайға 6,4 млн баррель шикі мұнай экспорттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы алғашқы тоғыз айда Моңғолия 36,2 млн тонна көмір және 14,8 тонна алтын өндірді, деп жазады МОНЦАМЭ Моңғолия Тау-кен рудасы және ауыр өнеркәсіп министрлігіне сілтеме жасап.

Моңғолия Қытайға 6,4 млн баррель шикі мұнай экспорттады

Осы кезеңде 71,8 мың тонна плавик шпаты, 960 мың тонна мыс рудасының концентраты, 2,7 млн тонна темір рудасының концентраты, 60,6 тонна мырыш концентраты өндірілді. 2017 жылдың қазанына дейін Қытайға 6,4 млн баррель шикі мұнай экспортталды.