Моңғолия президенті Астанадағы ШЫҰ саммитіне қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж Астанада 8-9 маусымда өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммитіне қатысу үшін Қазақстанға сапармен келеді, деп хабарлайды montsame.mn.

Моңғолия 2004 жылы Ташкент саммитінде бақылаушы мәртебесін алған алғашқы ел.

Айта кетейік, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) - 2001 жылы Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан көшбасшылары негізін салған халықаралық ұйым болып табылады.

1996 жылы «Шанхай бестігі» деп атаумен құрылған еді. 2001 жылы бес мүше ел ұйымның құрамына Өзбекстанды қабылдап, ұйымның атауы Шанхай ынтымақтастық ұйымы немесе «Шанхай алтылығы» болып өзгертілді.

2015 жылдың шілде айында ШЫҰ-ға Үндістан мен Пәкістанды қабылдау рәсімі басталды.

Соңғы жаңалықтар