Моңғолия президенті ауаның ластануына байланысты төтенше жағдай жарияламақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Х.Баттулга спикер М.Энхболдуға ресми хат жолдап, ел астанасында ауаның ластануына байланысты төтенше жағдай жариялауды ұсынды, деп жазады МОНЦАМЭ.
None
None

Бұл туралы Х.Баттулга 28 желтоқсанда баспасөз мәслихатында мәлім етті. Ол ауаның ластануы ел астанасы тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізіп жатқанын атап өткен.

Осыған байланысты президент ауаның ластану жағдайына жіті назар аудару мақсатында елде төтенше жағдай жариялау қажет деген пікірде.

Соңғы жаңалықтар