Моңғолия президенті өз өмірін сақтап қалған ерлі-зайыптыларды қонаққа шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга 28 жыл бұрын өзінің өмірін ажалдан аман алып қалған ерлі-зайыптыларды өз еліне қонаққа шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мontsame агенттігіне сілтеме жасап.

Моңғолия президенті өз өмірін сақтап қалған ерлі-зайыптыларды қонаққа шақырды

Моңғолияның Германия Федеративті Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Д.Ганбат немістің Магдебург қаласының тұрғындары Петер мен Бригитта Гриельдерге моңғол елінің басшысы Х.Баттулганың сәлемі мен алғысын жеткізді.

Осыған орай Гриельдер отбасы үйлеріне кіреберіс жерге Моңғолияның туын іліп қойған.



Ерлі-зайыптылар Магдебург қаласында Х.Баттулга мен оның досы Э.Ванчинсурэннің өмірін неонацисттердің шабуылынан сақтап қалған. Оқиға 1990 жылы болған. 

Ерлі-зайыптылар ұзақ уақыт өткеніне қарамастан, бүгінгі Моңғолия президенті Х.Баттулганың олардың көмегін ұмытпағанына дән риза екендіктерін жеткізді. 

Елші Д.Ганбат оларға сый-сияпаттар мен президенттің биылғы жылы Моңғолияға сапарлау туралы шақыруын табыс етті. Петер мен Бригитта Гриельдер биыл 76 жасқа толады.