Моңғолия спортшысы еліне тарихи алтын медаль сыйлады

биатлон
Фото: sport5.by

АСТАНА. KAZINFORM – Жасөспірімдер арасындағы құрлық додасында Энхбат Энхсайхан чемпион атанып, Моңғолия өз тарихында тұңғыш рет биатлоннан Еуропа чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. 

Ол жекелей сында қарсыластарының барлығын жалпы ұпайда басып озды.

21 жастағы спортшы жекелей жарыста төрт кезеңде де қарсыластарынан мықты екенін көрсете білді.

Энхбат Энхсайханның тарихи жеңісінен кейін Моңғолия құрамасының бас бапкері 1988 жылғы Олимпиада чемпионы Александр Попов екені де белгілі болды. Ол кезінде КСРО және Беларусь құрамаларында өнер көрсеткен аса тәжірибелі маман.

Биатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионаты-2024:
Якушчице, Польша
Жеке жарыс қорытындысы:
1- Орын - Энхбат Энхсайхан (Моңғолия) – 44,34,8 (0)
2-орын - Калле Лоуккаанхухта (Финляндия) – 1,6 (0)
3-орын - Якоб Кулбин (Эстония) – 20,0 (2)
4-орын - Виталий Манджын (Украина) – 26,4 (2)
5-орын - Лудек Абрахам (Чехия) – 44,3 (2)
6-орын - Матия Легович (Хорватия) – 50,6 (3)

Соңғы жаңалықтар