Моңғолия тауларында 10 альпинист қаза тауып, жетеуі із-түзсіз жоғалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық Моңғолиядағы Хангай тау сілемдеріндегі қар көшкіні салдарынан кем дегенде 10 альпинист қаза тауып, тағы жетеуі із-түзсіз жоғалды.

Моңғолия тауларында 10 альпинист қаза тауып, жетеуі із-түзсіз жоғалды

 Қайғылы оқиға жайлы дүйсенбіде МОНЦАМЭ агенттігі хабарлады.

Моңғолия вице-премьері Улзийсайхана Энхтувшиннің тікелей қатысуымен Отгонтэнгэр таулы ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Билік бұған 100 құтқарушыны, екі тікұшақ және басқа да техникаларды жұмылдырған.

Отгонтэнгэр - Хангай тау массивтерінің ең биік (4 мың метр) тауы. Әрі қасиетті орын саналатын бұл жер Моңғолия үкіметінің қорғауында.

фото: altay4x4.ru