Моңғолияда 2026 жыл білім беруді қолдау жылы деп жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM —  Моңғолия үкіметі 2 сәуірдегі кезекті отырысында 2026 жылды білім беруді қолдау жылы деп жариялау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Монцамэ.

Моңғолиялық оқушылар
Фото: Монцамэ

Осыған байланысты Білім министрі Пурэвсурэнгийн Наранбаяр Үкіметтің шешімі Моңғолия Парламенті 2023 жылы қабылдаған білім беру саласындағы заңдар пакетін іс жүзінде жүзеге асыруға ерекше серпін беретінін атап өтті.

— Ең бастысы, аталған заңдар балабақшалар мен мектептердің қолжетімділігін күрт арттыру үшін нақты қолдау шараларымен қамтылған. Ағымдағы бағалаулар бойынша 2030 жылға қарай елде 88 мың бала дүниеге келеді. Бұл балаларға 108 мектеп пен 95 балабақша қажет, — деп түсіндірді Білім министрі.

Бұдан бөлек, Пурэвсурэнгийн Наранбаяр қабылданған шешім үкімет жариялаған 14 мегажобаның іске асырылуына ықпал етеді және адами ресурстарды қалыптастырады.

Осыдан бұрын 2024 жылы Моңғолияның жалпы сыртқы қарызы 37,1 млрд АҚШ долларын құрап, 7,4 пайызға ұлғайғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар