Моңғолияда 89 адам боран кезінде жоғалып кетті

боран
ФОТО: pexels

Моңғолияның Завхан аймағында қарлы боран кезінде жоғалып кеткен 89 адам табылып, құтқарылды. Kazinform бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Аталған аймақты дүр сілкіндірген қатты қарлы боран салдарынан Моңғолияның Төтенше жағдайлар жөніндегі бас басқармасының жедел штабына 89 адамның жоғалып кетуіне қатысты 29 қоңырау түсті, оның ішінде мал жайып жүрген малшылар, сондай-ақ қардың қалың түсуі мен жолдың көрінбеуі салдарынан ауыл жолдарында тұрып қалған жүргізушілер бар», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 6 қарашада Моңғолияның Тув және Уверхангай аймақтарындағы қарлы боран салдарынан 8 адам қаза тапты, оның ішінде 11 жасар бала бар.

Қараша айының соңында тағы қарлы боран соғып, жоғалған 294 адам аман құтқарылды. Елде сол күндері - 38.1 градус аяз тіркелді.

Соңғы жаңалықтар