Моңғолияда алғаш рет ілбіс пен ақ барысты қорғау күні аталып өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолия алғаш рет ілбіс және ақ барысты қорғау халықаралық күнін атап өтті, деп хабарлады «Моңғолия дауысы» агенттігі.
Бұған дейін ақ барыс мекендейтін 12 азиялық мемлекеті былтыр Бішкекте өткен Бүкіләлемдік форумы барысында аталған аңдарды қорғау және сақтау бойынша Халықаралық күнді атап өту қажеттегін көтерген.
Моңғолия аталған идеяны қолға алған алғашқы елдердің бірі болды. Қазіргі уақытта Моңғолия саны жағынан ілбіс мекендейтін елдер арасында Қытайдан кейін екінші орында тұр.
Айта кету керек, соңғы жиырма жылда Моңғолия үкіметі аңдардың популяциясын қорғау әрі сақтауда өнімді жұмыстар атқарып келеді.