Моңғолияда әйелдер орта есеппен 26 жаста тұрмысқа шығады
АСТАНА. KAZINFORM — Моңғолияда кәсіпорындар мен ұйым басшыларының 41%-ын әйелдер құрайды, деп хабарлайды Монцамэ.
Моңғолияның Ұлттық статистика комитеті мәліметінше, елдегі кәсіпорындар мен ұйымдардың 41%-ын әйелдер басқарады.
Статистикаға сәйкес, моңғолиялық әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы 77,1 жыл, ал некеге тұрудың орташа жасы — 26,7 жас.
Елдегі ең қарт әйелдің жасы 108-де екені белгілі.
Сонымен қатар өткен жылы дүниеге келген сәбилердің 48,3%-ы қыз балалар болған. Жалпы әйелдер ел халқының 50–51%-ын құрайды.
Қазіргі уақытта Моңғолия халқы шамамен 3,5 миллион адам болса, оның ішінде 1,74 миллионы — әйелдер.
Бұған дейін Моңғолияда 2050 жылға қарай әр бесінші адам зейнет жасына жететінін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, Моңғолияда 100-дегі әже шабандоздар фестиваліне қатысқаны айтылды.