Моңғолияда әлемдегі қар барысының 20 пайызы мекендейді
ҰЛАН-БАТЫР. KAZINFORM — Моңғолияда 1000-ға жуық қар барысы бар, олар Моңғол Алтайын, Гов-Алтай аймағын, Хангай мен Саян тауларын қамтитын 328 мың шаршы шақырымдай аумақта мекендейді. Демек, дүниежүзіндегі барыстардың жалпы санының 20%-дан астамы Моңғолияда өмір сүреді. Бұл туралы Монцамэ агенттігі жазды.
Халықаралық қар барысы күніне орай дүние жүзінде түрлі көрмелер, конференциялар, семинарлар өтіп, деректі фильмдер көрсетілуеді. Спорт пен өнер әлемінің танымал тұлғалары сирек кездесетін аң түрін қорғауға және сақтауға шақырады.
Бұл іс-шаралар барысты қорғау және оның табиғи ортасын сақтау қажеттілігіне назар аударуға бағытталған.
Ал, бұған дейін Қазақстан аумағында тіршілік ететін ілбістердің саны жылына 5-6 басқа көбейіп келе жатқанын жазған болатынбыз. Мұны Самарқанда өтіп жатқан үнемі қоныс аударып тіршілік ететін жабайы жануар түрлерін сақтау конвенциясының кезекті отырысы (COP 14) аясында Зоология институтына қарасты қар барысын бақылау орталығының басшысы Алексей Грачев айтқан еді.