Моңғолияда дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах алғашқылардың бірі болып дауыс берді, түске қарай келушілер саны 86 пайыздан асты (ФОТО)
БЕЙЖІҢ-ҰЛАН-БАТЫР. ҚазАқпарат - Жергілікті уақыт бойынша 09.00-де (Астана уақыты бойынша сағат 07.00-де) Моңғолияда ҚР Елшілігінде №231 сайлау учаскесінде бірінші болып кәсіпкер Игорь Моисеев пен танымал дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах дауыс берді. Ең жас сайлаушы алғаш рет дауыс берген 18 жастағы Залина Котиева болды.
Учаскенің сайлау комиссиясының деректеріне сәйкес сайлаушылар тізімі 112 адамнан тұрады. Сағат 13.00-де 97 адам өз конституциялық құқығын жүзеге асырды, яғни бұл сайлаушылардың 86 пайыздан астамы.
Отгонцэцэг Галбадрах сайлауға Қазақстан ұлттық құрамасының киімімен келді. Дауыс берген ол алдағы Рио-до-Жанейрода өтетін Олимпиадаға ҚР олипиадалық құрамасының мүшесі ретінде бекітілгенін қуана жеткізді.
Еске салсақ, дарынды 24 жастағы дзюдошы 2015 жылғы маусымда ҚР азаматтығын алды, ол Шымкентте жаттығуда, 48 келіге дейін салмақ дәрежесінде ОҚО құрамасының мүшесі.
2016 жылғы ақпанның басында Париж қаласында Отгонцэцэг Галбадрах ірі халықаралық «Үлкен дулыға» турнирінде сенсациялық жеңіске қол жеткізген.
2016 жылғы ақпанның ортасында Дюссельдорф (Германия) қаласында дзюдо бойынша әлемдік гран-при кезекті кезеңінде күміс медаль ұтты. Бұдан бұрын 2015 жылғы қарашада ол Циндао қаласында дзюдо бойынша кезекті гран-придің күміс жүлдегері атанған.