Моңғолияда ЕҚЫҰ ПА күзгі сессиясы өтіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының 2015 жылғы күзгі сессиясында қауіпсіздіктің әлемдік және аймақтық деңгейдегі қыр көрсетулері, лаңкестік және адам саудасына қарсы күрес, табиғи-климаттық өзгерістердің бөгеттерінен өту, азық-түлік және ауызсуға қолжетімділікті жақсарту, аймақтық ынтымақтастықты нығайту бағытындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері қарастырылуда.
Бұл туралы кеше, Моңғолия астанасындағы сессияның ресми ашылуында ЕҚЫҰ ПА-ның президенті Илкка Канерва мәлім етті. Алқалы жиын Ұлан - Батырда 18 қыркүйекке дейін жалғасады.
Ол сессияға БҰҰ мен ШЫҰ өкілдерінің қатысып жатқандығы туралы ақпараттандырды. Сессия кезінде Орталық Азияға арналған дөңгелек үстел отырысы өткізіледі.
Сессияға ЕЫҚҰ-на мүше 47 елден жиналған 300-ге жуық делегат пен 13 халықаралық ұйым қатысып отыр. ЕҚЫҰ Парламенттік сессиясы Моңғолияда алғаш рет өткізілуде.