Моңғолияда халықаралық Ұлан-Батыр марафоны -2015 өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғол астанасында Моңғолия үкіметінің қолдауымен халықаралық Ұлан-Батыр марафоны-2015 өтті. Марафонға Ресей, Моңғолия, Қытай және басқа да мемлекеттерден 20 мыңға жуық желаяқтар қатысты.

Моңғолияда халықаралық Ұлан-Батыр марафоны -2015 өтті

Сондай-ақ олардың қатарын кәсіби және әуесқой спортшылар да толықтырды, деп хабарлайды Синьхуа.

Ерлер арасында кәсіби атлеттер санаты бойынша 42 шақырым 195 м қашықтықта Моңғолияның еңбек сіңірген спортшысы Б.Сэр-Од жеңіске жетті, аталмыш санатта әйелдер арасында бірінші орынды Моңғолия азаматшасы, халықаралық спорт шебері Б. Мунхзаяа иеленді.

Ұлан-Батыр марафоны дәстүрлі түрде 2000 жылдан бастап моңғол астанасында өтеді.