Моңғолияда қар барысын сақтау мен қорғау бойынша зерттеулер сәтті жүргізіліп келеді 

Қар барысы Қырғызстанның ұлттық символына айналды
Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM — Самарқанда (Өзбекстан) Қар барысы мен экожүйені қорғаудың жаһандық бағдарламасының (GSLEP) Басқару комитетінің сегізінші отырысы өтті, деп хабарлайды МОНЦАМЭ ақпарат агенттігі.

Жиынға қар барысы мекендейтін 12 елдің үкіметтерінің атынан 80-нен астам делегат, табиғатты қорғау жөніндегі халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және демеушілер қатысты.

Моңғолия қар барысын сақтау мен қорғау бойынша зерттеулерін сәтті жүргізіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар 2009 жылдан бері ұзақ мерзімді зерттеулерге ұласқан.  

Кездесуде Моңғолияның Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне қарасты Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ц.Уранчимэгтің өз баяндамасында атап өткеніндей, 2018 жылы Моңғолия Дүниежүзілік қар барысы популяциясын зерттеуге (PAWS) қатысқанын, соның арқасында елдегі популяцияны анықтау (986±) мүмкін болды.

Елдің Қоршаған ортаны қорғау министрі Б.Бат-Эрдэнэ бейнероликте Моңғолия үкіметінің қар барысы экожүйесін қорғау жөніндегі алдағы саясаттық мақсаттары туралы қысқаша баяндап берді.

Қар барысы мен оның экожүйелерін қорғау Жаһандық бағдарламасы Басқарушы комитетінің отырысы Өзбекстан президентінің қамқорлығымен өтті. Барыстың экожүйесін сақтау саласындағы жетістіктер мен қиындықтарды шешу жолдарын талқылаумен қатар, барыс мекендейтін 12 елдің үкіметтері соңғы үш жылдағы өз жұмыстарын таныстырды, жақын арада мақсаттарды белгіледі және негізгі міндеттемелерді белгілейтін Самарқан қарарын мақұлдады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда қанша қар барысы мекен ететіні туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар