Моңғолияда көліктердің 90%-дан астамы 10 жылдан бері пайдаланылып келеді

АСТАНА. KAZINFORM — Елдегі жеңіл автокөліктердің 90%-дан астамының пайдалану мерзімі 10 жылдан асады, деп хабарлайды Монцамэ.

Моңғолияда көліктердің 90%-дан астамы 10 жылдан бері пайдаланылып келеді
Фото: Монцамэ

Моңғолияның Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, өткен жылы елімізде 725 108 жеңіл автокөлік тіркелген.

Олардың 90,3%-ы 10 жылдан астам уақыт пайдаланылып келеді.

Отын түрі бойынша 62,4%-ын бензин-электр гибридтері, ал 32,7%-ын бензинмен жүретін автокөліктер құрайды.

Сонымен қатар, елдегі мұнай өнімдерін ең көп тұтынатын сала – тау-кен өндірісі (25,3%). Одан кейін көлік және қоймалау секторы (17,1%), үй шаруашылықтары (13,5%) және көтерме-бөлшек сауда (12,3%) келеді.

Осыдан бұрын Моңғолияда депортацияланған шетел азаматтарының саны 28%-ға артқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар