Моңғолияда коронавирусқа шалдыққандар саны 5-ке жетті

ҰЛАНБАТЫР. МОНЦАМЭ-ҚазАқпарат – 17 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 19:24-те Моңғолия Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус жұқтырудың бесінші оқиғасы тііркелгені туралы шұғыл хабарлама таратты. Бұл туралы Мontsame агенттігіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат хабарлайды.
None
None

Моңғолияның 30 жастағы азаматшасынан коронавирус инфекциясы анықталған. Ол 16 наурызда Италиядан арнайы рейспен Германия арқылы ұшып келген, қазіргі кезде инфекциялық ауруларды Ұлттық зерттеу орталығында карантинде жатыр. Қазіргі кезде науқастың жағдайы тұрақты және ол Германиядан Ұланбатырға ұшып қонған әуе кемесіндегі бірінші деңгейлі науқаспен байланыста болған жоқ.

Мontsame хабарлауынша, 16 наурызда Моңғолияның Денсаулық сақтау министрлігі 15-16 наурыз күндері Сеул-Ұланбатыр және Берлин-Мәскеу-Ұланбатыр арнайы рейстерімен келген Моңғолияның үш азаматынан жаңа типтегі коронавирустың анықталған. Олар келген бойда коронавирусқа тексеріліп, стационарға жатқызылды.


Соңғы жаңалықтар