Монғолияда өмір сүру жасы өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы статистикалық деректерге сай Моңғолиядағы өмір сүрудің орташа жасы өсті, деп мәлімдеді кеше Монғолия президенті Ц.Элбэгдорж «Ана даңқы» форумында.

Монғолияда өмір сүру жасы өсті

1989 жылы елдегі өмір сүрудің орташа ұзақтығы - 63, ал өткен жылы 69 жасты құрады.

Президент Ц.Элбэгдорж аналарға күміс монеталарды сыйлады. Бұл монеталар Монғолиядағы үш миллионыншы тұрғынның тууына арналған. Бұл ел тұрғындарының саны ағымдағы жылы қаңтардың аяғында 3 млн адамға жетті. Миллионыншы азамат Моңғолияда 1962 жылы, екі миллионыншы азамат 1988 жылы туған, деп хабарлады Синьхуа.