06:13, 08 Шілде 2017 | GMT +5
Моңғолияда президент сайлауының екінші турында жеңіске жеткен үміткер аталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолияның президент сайлауының бастапқы нәтижесі туралы БАҚ-қа елдегі Демократиялық партияның өкілдері жергілікті уақыт бойынша сағат 01.20-да мәлімдеме жасады, деп хабарлайды елдің ақпарат агенттігі МОНЦАМЭ .

Партия төрағасы С.Эрдэнэ баспасөз мәслихаты барысында «ДП үміткері Х.Баттулга дауыс берушілердің 50,7 пайыз дауысын жинап, президент сайлауының екінші турында жеңіске жеткенін» мәлім етті.
Тікелей эфир барысында дауыстарды санау жалғасуда. Сағат 01.30 бойынша Демократиялық партия үміткеріне 603 мың 652 дауыс берілген. Моңғол Халық партиясының өкілі қазіргі Парламент басшысы - 494 мың 696 дауыс жинаған.