Моңғолияда табылған теңіз балдырына Шыңғыс ханның аты берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ ғалымдары осы кезге дейін белгісіз болып келген ежелгі теңіз балдырын тапты. Оған шамамен 555 млн жыл толған, деп хабарлайды Scientific Reports журналы.

Моңғолияда табылған теңіз балдырына Шыңғыс ханның аты берілді

Шығыс Моңғолияның тау-тастарынан табылған бұл теңіз балдырын оқымыстылар Шыңғыс ханның құрметіне атап, Chinggiskhaania bifurcata деген ғылыми атау беріп отыр. Жалпы осы теңіз балдыры ені 0,47 мм болатын ұзын жіпше болып табылады. Ғылым үшін маңызы өте зор Chinggiskhaania bifurcata балдыры суда сонау кембрий кезеңіне дейінгі эдиакаран кезеңінде тіршілік еткен, деп хабарлайды 24.kz gazeta.ru.-ға сілтеме жасап.