Моңғолияда тұратын қандасымыз әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақ қызы джиу-джитсудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат моңғолиялық «Kaznews»-ке сілтеме жасап.
None

Аталған БАҚ-тың мәліметінше, моңғолиялық Қымбат Батайқызы Әбу-Дабиде (Біріккен Араб Әмірлігі) өтіп жатқан «World Pro JiuJitsu Championship 2022» жарысында көк белбеулер арасында 62 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Жарыс қарашаның 19-на дейін жалғасады.

Қымбат Батайқызы бұған дейін джиу-джитсудан 2020 жылғы моңғолиядағы ел біріншілігінде чемпион атанған.

Сонымен қатар «Баян-Өлгий аймағында туған Ерғали Шәмейұлы пара дзюдодан әлем чемпионы атанды» деп жазды моңғолиялық БАҚ.

Әлем чемпионы атанған парадзюдошы Ерғали Шәмейұлы Баян-Өлгий аймағында туып, Қазақстанға қоныс аударған.

Ол Әзербайжан астанасы Бакуде өткен парадзюдодан 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында 73 келі салмақта сәтті өнер көрсетіп, Германия спортшысы Сасс Леннартты жеңіп алтын медаль алды.


Фото: kaznews.mn

Соңғы жаңалықтар