01:19, 13 Қаңтар 2019 | GMT +5
Моңғолияда «Түйешілер -2019» фестивалі өтті
ҰЛАНБАТЫР. ҚазАқпарат - Моңғолияда Увурхангай аймағы түйешілер қауымдастығы Арвайхээр қаласында «Түйешілер -2019 фестивалін ұйымдастырды, деп хабарлайды МОНЦАМЭ.
Моңғолдардың көшпелі өмірін дәріптейтін бұл фестивальге Богд, Баруунбаян-Улаан, Тугруг, Гучин-Ус, Сант, Баянгол және Хайрхандулаан сомондарынан келген 200-ден астам түйе өсіруші қатысты.
Аталған шара кезінде көңіл көтеретін ойындар және түрлі қашықтықтарда түйелер жарысы ұйымдастырылды. Сондай-ақ бірқатар номинациялар бойынша жүйрік түйелер анықталды.
Тугруг сомонынан Ц.Мунхбатаның, Д.Шийрэвсамбуу Гучин-Ус сомонынан Д.Шийрэвсамбуудың баптаған түліктері «Асыл тұқымды түйе» номинациясы бойынша жылдың жүйрік түйелері атанды.
Сондай-ақ шара аясында 6 малшыға «Еңбек сіңірген түйешілер» атағы берілді.