Моңғолияда жасы 100-ден асқандардың санағы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолия елінде жасы 100-ден асқан тұрғындардың санағы жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат МОНЦАМЭ агенттігіне сілтеме жасап.

Моңғолияда жасы 100-ден асқандардың санағы өтті

2019 жылғы 23 қаңтардағы жағдай бойынша, Моңғолияда жасы 100-ден асқан 116 адам бар. Бұл туралы Елдегі тұрғындар мен азаматтар туралы мәліметтер базасы қорының жүргізген зерттеуінде жазылған.

Ондағы мәліметтерге сәйкес, Моңғолияда ұзақ жасаушы ер адамдардың саны - 14 адам немесе 12,1 пайыз болса, әйелдердің саны 102 адам немесе 87,9 пайыз болып тұр.