Моңғолияда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

None
None
ҰЛАНБАТЫР. ҚазАқпарат - Моңғолияның оңтүстік-шығысында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды МОНЦАМЭ агенттігі.

Оқыс оқиға салдарынан алты адам зардап шекті, оның үшеуі - жас бала. Пойызда жалпы 328 жолаушы болған. Қазір оқиға орнында құтқару қызметтері жұмыс істеп жатыр, пойыздың апатқа ұшырау себептері әлі жария етілген жоқ.

Соңғы жаңалықтар