Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Моңғолиядағы парламенттік сайлауда оппозициялық партия жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолияда өткен Парламент сайлауында елдегі басты оппозициялық партия жеңіске жетті, деп хабарлады www.24.kz.

Моңғолиядағы парламенттік сайлауда оппозициялық партия жеңіске жетті

Олар Парламенттегі 76 мандаттың 63-ін иеленген. Енді Моңғолияның Халық партиясы Үкімет жасақтап, жаңа Премьер-министр тағайындауы тиіс. Айта кеткен жөн, соңғы уақытта Моңғолия экономикасы қиын қыстау күндерді бастан өткеруде. Тау-кен өндірісінде қарқынды даму байқалғанымен Халықаралық валюта қоры ел экономикасының өсімі тежеліп қалғанын көрсетіп отыр. Сондықтан халық жаңа партия жағдайды өзгертеді деп сенеді. Саяси науқанға жергілікті тұрғындардың 70%-ы қатысқан.