13:45, 28 Қазан 2017 | GMT +6
Моңғолиядан келген қандасымыз қарсыласын оңай ұтты - Қазақ күресі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатында Моңғолиядан келген қандасымыз Серік Бердімұратов Армениядан келген балуанды оңай ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Серік Бердімұратов Моңғолия құрамасының белді балуандарының бірі. Ол алғашқы қарсыласын қиналмай ұтып, келесі кезеңге жолдама алды.
Егер Серік финалға дейін сүрінбей жеңіске жететін болса, қазақстандық балуандардың басты қарсыластарының бірі атануы мүмкін.