21:00, 13 Қаңтар 2015 | GMT +5
Моңғолиялық дзюдошы келесі Олимпиадада Қазақстанның атынан қатыспақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғол спортшысы Галбадрахын Отгонцэцэг Қазақстан олимпиада құрамасына кірді.
judokramatorsk.info хабарлағандай, Моңғолия Дзюдо федерациясының атқарушы директоры Азамат Бөхбат пен Қазақстан Дзюдо федерациясының вице-президенті Самат Жылқыбаев Ұлан-Батырда ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Келісім маңызды мәселелерді, оның ішінде Қазақстан олимпиадалық құрамасына келешегі зор моңғол спортшысы Галбадрахын Отгонцэцэгті енгізуді қамтиды.
Галбадрахын 2013 жылы Рио-до-Жанейрода өтетін Олимпиялық ойынға қатысу құқығын жеңіп алған. Спортшы - Астана Гран-при алтын медалі, Мәскеудегі үлкен дулыға турнирінің қола медалі, Қытайдағы Чиндао Гран-приінің қол медалінің иегері.