Моңғолиялық палуандар «Еуразия барысы» турнирінің салмақ өлшеу рәсіміне келмеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолияның қазақша күрестен құрамасы «Еуразия барысы» турнирінің салмақ өлшеу рәсіміне келмеді. Бұл жайында Vesti.kz порталына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Моңғолиялық палуандар «Еуразия барысы» турнирінің салмақ өлшеу рәсіміне келмеді

«Моңғолия құрамасы түн ішінде келді. Сол себепті салмақ өлшеу рәсіміне үлгермей қалды. Өздеріңізде түсінетін шығарсыздар, бұл өте күрделі процесс. Спортшылар салмақ қуып үлгермеді. Сондықтан олардың күндізгі 12-ге дейін салмақ тастауға уақыттары бар», - деді ҚР Қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті Сәрсен Құранбек.

Айта кетерлігі, «Еуразия барысы» халықаралық турниріне Грузия, Моңғолия, Польша, Ресей, Тәжікстан, Украина, Өзбекстан және Қазақстан командалары қатысады. Олар 8 салмақ санатында кім мықты екенін анықтайды.

Қазіргі салмақ өлшеу рәсіміне сәйкес ең ауыр спортшы қазақстандық Айбек Нұғымаров болып отыр. Оның салмағы 139 келіні құрайды. Ол ресейлік Антон Чернышевтен не бәрі бір келіге ауыр.

Турнир жеңімпазы 10 миллион теңгені ұтып алса, екінші орынға 6, үшінші орынға 4 млн. теңге табысталады. Қазіргі уақытта бұл турнир билеттері толығымен сатылды.

Фото Еламана Турысбекова