Моңғолияның бұрынғы президенті жемқорлық фактісі бойынша айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды

АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Моңғолияның бұрынғы президенті Намбарын Энхбаяр сот үкімімен сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға соталды. Оның 18 мың 660 доллар сомасындағы мүлігі тәркіленді, деп хабарлады бүгін моңғолдық БАҚ.
None
None

Сот бастапқыда елдің бұрынғы президенті Энхбаярды 7 жылға соттаған болатын, дегенмен, кейін мерзімді 4 жылға қысқартты. Елдің бұрынғы президентінен өзге Үкіметтің бұрынғы 4 шенеунігі мен 1 бизнесмен сыбайлас жемқорлық пен қызмет бабын асыра пайдалану баптары бойынша кінәлі деп танылды. 

Энхбаярдың қорғаушылары бұл шешіммен келіспеуге құқықтары бар және 14 күннің ішінде апелляцияға бере алады.

Бұл атышулы оқиға тікілей эфирде Моңғолияның көптеген арналары бойынша көрсетілді.

Айта кетейік, Намбарын Энхбаяр президенттік қызметке 2005 жылы сайланған болатын. Ол 2009 жылға дейін қызмет етті.

Соңғы жаңалықтар