Моңғолияның сыртқы қарызы 4,5 млрд. доллар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолияның Парламенті отырысында елдің алдағы жылғы қаржы саясаты талқыланды, деп хабарлады «Моңғолия дауысы» агенттігі.

Моңғолияның сыртқы қарызы 4,5 млрд. доллар

Ел экономикасының 90 пайызы тау-кен өндірісіне тікелей байланысты. Ал, тығырықтан шығу үшін экономиканы әртараптандыру керек, - дейді Моңғолбанкінің басшысы Н.Золжаргал. Моңғолия үшін табиғи ресурстарға тәуелділіктен арылу тек, 2015 жылы ғана басталады. Парламент депутаттары банк басшысынан елдің сыртқы қарызы қанша екенін сұрады. Н.Золжаргалдың айтуынша, елдің сыртқы қарызы 4,5 млрд.доллар, делінген хабарламада.