Моңғолияның валюта резервтері 2 млрд долларға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың қарашасынан бері Моңғолияның валюталық резервтерінің көлемі 2,0 млрд АҚШ долларына тең болды, деп хабарлайды Монцамэ.
Орталық банк мамандары 2019 жылдың соңына дейін бұл елдің валюта резервтері 3.8 млрд долларға, 2020 жылы 4 млрд долларға жетеді деген болжам жасап отыр.
Жағдайдың бұлайша сипат алуына халықаралық валюта қорының Кеңейтілген қаржыландыру бағдарламасы, Моңғолбанктің алтын сатып алуы мен Моңғолия мен Қытай арасындағы валюталық айырбас жөніндегі келісімді жаңғырту шаралары ықпал етті.