Моноқалалардағы ірі кәсіпорындардың айналасында шағын кәсіпорындар құру заңмен бекітіледі

промышленность
Фото: Александр Павский/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Монқалалардағы ірі кәсіпорындардың айналасында шағын кәсіпорындар құру заңмен бекітіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.

«Моноқалалардағы ірі кәсіпорындардың айналасында шағын және орта бизнес белдеуін құру бойынша тоқталғым келеді. Бұған дейін бұл жұмыс ерікті негізде жүргізілсе, қазір ірі кәсіпорындар айналасында шағын кәсіпорындар белдеуін құру және олармен ұзақ мерзімді офтейк-келісімшарттар жасасу міндетін заңнамада бекітетін боламыз», - деді министр.

Мәселен, оның айтуынша, бүгінде ірі тапсырыс берушілер мен моноқалалардағы отандық өндірушілер арасында 24,5 млрд теңгеге 20 ұзақ мерзімді шарт және 47,3 млрд теңгеге13 (он үш) офтейк-келісімшарт жасалды.

«Қолданыстағы механизм аясында моноқаладағы бірқатар кәсіпорындар шикізаттың қажетті көлемін тиімді бағамен алу үшін жеткізушілермен келісімшартқа отырды. Қазіргі уақытта бұл механизм жетілдірліп жатыр», - деді Қанат Шарлапаев.

Соңғы жаңалықтар