Моноқалаларда қазандықтардың 99 пайызы жылу беру маусымына дайын

АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - Моноқалаларда қазандықтардың 99 пайызы жылу беру маусымына дайын.

Моноқалаларда қазандықтардың 99 пайызы жылу беру маусымына дайын
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Өңірлік даму вице-министрі Серік Нокин мәлім етті. «Толықтай алғанда моноқалаларда жоспарланған жұмыстар аяқталды. Ол кестеге сәйкес жүргізілуде. 20 қыркүйектегі жағдай бойынша 254 қазандық немесе олардың 99 пайызы, жылумен жабдықтау желілерінің 513 шақырымы, электрмен жабдықтау желілерінің 1808 шақырымы, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің 409 шақырымы дайын»,-деді ол. Вице-министрдің атап өтуінше, 504 тұрғын үй, сондай-ақ бірқатар әлеуметтік нысандар бойынша дайындық жұмыстарын аяқтау керек. «Негізінен моноқалаларда инженерлік желілердің тозуы жоғары екендігі байқалады. Бұл ретте жөндеу жұмыстарының жоспарланған көлемі негізінен ағымдық жөндеулерге жатқызылған. 27 моноқаланың 17-сінде 100 Г/кал сағаттан астам жылу көзі бар. Ал, қалғандарында аудандық қазандық жұмыс істеп тұр»,-деді с. Нокин.