Монополистер энергоүнемдеу технологияларын енгізіп, шығындарды азайтуда ауқымды істерді қолға алуы керек - А.Естаев

АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (ТМРА) Астана қаласы бойынша департаментінде «Астана Теплотранзит» және «Астана Су арнасы» кәсіпорындарының техникалық шығындар жөніндегі арыздары қаралды,

Монополистер энергоүнемдеу технологияларын енгізіп, шығындарды азайтуда ауқымды істерді қолға алуы керек - А.Естаев

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қоғамдық тыңдау форматында өткізілген жиынға қала тұрғындары, қоғамдық ұйымдардың және «Нұр Отан» ХДП өкілдері қатысты.

ТМРА Астана қаласы бойынша департаментінің бастығы Абзал Естаевтің айтуынша, бүгінгі күні Агенттік энергоүнемдеу, соның ішінде техникалық шығындарды азайту бағытында жұмыстар атқаруда.

әселен, елордада жылу энергиясын таратумен айналысатын «Астана Теплотранзит» акционерлік қоғамының техникалық шығындары 2006 жылы 25,4 пайыз болса, 2007 жылы 22,9 пайызды құраған, ал былтыр бұл көрсеткіш 16,5 пайыз деңгейінде белгіленген.  

 Биылғы берген өтінімде аталмыш кәсіпорын техникалық шығын көлемін біршама көтеріп, оны 17,7 пайыз деңгейінде бекітуді сұрап отыр. Акционерлік қоғам директорының орынбасары Александр Корх бұның басты себебін жылу желілерінің энергия сақтауға бейімделмегендігі, қаладағы  құбырлардың ескіруімен түсіндіруде.

 «Астана Су Арнасы» МКК да былтырғы жылға қарағанда техникалық шығынды көтеруді сұрап отыр. Өтінімде кәсіпорын басшылығы шығын деңгейі 24 пайыз көлемінде бекітуді сұраған. Былтыр бұл көрсеткіш 20 пайыз болған.

 Бірақ монополияларды реттеу ведомствосының қалалық басшысы А.Естаев «энергоүнемдеу шараларын жылдағы жұмыстармен шектелмей, кешенді жүргізу қажеттігін» кесіп айтты.

 «Бұл шығындарды халықтың мойынына іліп қойған дұрыс емес. Ол үшін энергоүнемдеу технологияларын енгізіп, аталған шығындарды азайту саласында ауқымды істерді қолға алу керек. Агенттік техникалық шығын көрсеткішін жылдан-жылға төмендете беретін болады», деп атап көрсетті ол.