Монополияға қарсы агенттік бәсекелестік саясат мәселелері бойынша журналистер арасында ең үздік жарияланымға байқау жариялайды

АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Қазақстан Республикасында бәсекелестік саясат мәселелері бойынша журналистер арасында «2011-Бәсекелестік-БАҚ» ең үздік жарияланымдарға конкурс жариялайды.

Монополияға қарсы агенттік бәсекелестік саясат мәселелері бойынша журналистер арасында ең үздік жарияланымға байқау жариялайды

Бәсекелестік мәселелерін жазатын бұқаралық ақпарат құралдары арасында конкурс алғаш рет өткізіледі.

Конкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) болып табылады.

Конкурсқа қатысуға республикалық және облыстық БАҚ-ның редакциялары, интернет-порталдар, ақпараттық агенттіктердің сайттары, сондай-ақ жеке авторлар (журналистер) шақырылады.

Конкурсқа 2011 жылдың қаңтар-тамыз айларында теле-және радиоарналарда шыққан және ақпараттық агенттіктердің таспаларында жарияланған мерзімдік басылымдардағы баспа, дыбыс-бейнематериалдары қабылданады.

Конкурс негізгі 4 аталым бойынша өткізіледі:

- «Теледидардағы ең үздік бейнематериал»;

- «Газет пен журналдардағы ең үздік жарияланым»;

- «Радиодағы ең үздік материал»;

- «Интернет - ресурстарда орналасқан ең үздік материал».

Конкурс үшін ұсынылып отырған тақырыптар: «Бәсекелестік - Қазақстан Республикасы нарық экономикасының тиімділігін көтеру факторы ретінде», «Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы органы және оның ұлттық экономикасын қалыптастырудағы ролі», «Өңірлік бәсекелестікті дамыту жолдары», «Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты бәсекелестік қабілеттілігінің факторы», «Бәсекелестік өнімдердің сапасын көтеру негізі», «Қазақстан Республикасындағы бәсекелестік саясатының ахуалы мен даму үрдістері туралы», «Өңірлерде бәсекелестікті дамытуға тиімді жүйені қалыптастыру», «Өңірлік бәсекелестік саясатты іске асыру» және т.б.

Жұмыстар 2011 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде мына мекен-жайда: Астана қаласы, Сол жағалау, «Министірліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 4-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік), Стратегиялық жоспарлау департаментінде қабылданады.

Конкурс бойынша қосымша мәліметтерді Ақпараттық сүйемелдеу және Жиынтық- талдау басқармасынан (7172) 74 96 33 телефоны бойынша немесе Агенттіктің www.azk.gov.kz . сайтынан алуға болады.

Конкурстың жеңімпаздары дипломдармен, ескерткіш кубоктарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Марапаттау рәсімі Алматы қаласында 2011 жылдың қазан айының бірінші онкүндігінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орайластырылған, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органның құрылғанына сәйкес (ТМД қатысушы-елдердің МСМК-нің шеңберінде өткізіледі) Халықаралық конференциясында жүзеге асырылады.