Монополияға қарсы агенттік Қазгидромет өзінің басымдық жағдайын асыра пайдаланып отыр деген күдік келтіруде

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат - Бәсекелестікті қорғау агенттігі Қазгидромет өзінің басымдық жағдайын асыра пайдаланып отыр деген күдік келтіруде.
None
None

Бұл туралы агенттік басқармасының кеше өткен мәжілісінде мәлім болды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

«Қазгидромет» РМК-ға қатысты тергеу рәсімін жүргізу барысында атмосфералық ауада ластаушы заттардың шоғырлануы туралы анықтама беру қызметтеріне монополиялық жоғары бағалар (тарифтер) белгілеу бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері анықталды», делінген хабарламада.

«Казгидромет» РМК бағаларын ұқсас Ресей нарығымен салыстырмалы талдау жүргізу қажеттілігіне байланысты Басқарма тергеу жүргізу рәсімін 2 айға ұзарту туралы шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар