Монополияға қарсы агенттік ұн тартатын бірқатар кәсіпорындарды жауапкершілікке тартты
АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі ұн тартатын 5 кәсіпорынға қатысты әкімшілік заң бұзушылықтар бойынша іс қозғады.
Монополияға қарсы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлағанындай, әкімшілік жауапкершілікке «Өскемен ұн тарту комбинаты», «Фарман», «Мидиа», «Ак-Элит» және «Аском» кәсіпорындарын тарту көзделуде.
«Аталмыш субъектілер бидай құнының өзгеріссіз қалғанына қарамастан, сатылымға шығарылған бірінші сұрып ұнның бағасын негізсіз көтеріп жіберген», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.