Монополияға қарсы комплаенс институты арнайы комплаенс жүйесін енгізуді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Монополияға қарсы комплаенс институты арнайы комплаенс жүйесін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Монополияға қарсы комплаенс институты арнайы комплаенс жүйесін енгізуді ұсынды

Жақында ірі бизнес субъектілеріне монополияға қарсы комплаенстің ішкі актісін өз бетінше әзірлеу үшін әдістемелік ұсынымдар жіберілетін болады.

Монополияға қарсы комплаенс институты Қазақстанда 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады, ол құқық бұзушылықтың алдын алу құралы болып табылады. Осы институттың арқасында бизнес тауар нарығындағы адал іс-әрекет практикасын монополияға қарсы органмен алдын ала келісу мүмкіндігіне ие болды.

Осы институт жұмыс істеген төрт жыл ішінде монополияға қарсы орган отын-энергетика кешені, көлік және байланыс нарықтарында құқық қолдану мәселелерін нақтылаған 82 монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актісін келісті. Бұл шектеулі ресурстарды сатуға арналған өтінімдерді қарау және қанағаттандыру, тауар нарықтарын талдау және нарыққа қатысушылардың үстем немесе монополиялық жағдайын тану рәсімдерімен, сондай-ақ ресурстар мен инфрақұрылымды бірлесіп пайдалану, баға белгілеу және бәсекелестік емес практикаларды қолдану мәселелерімен байланысты көптеген заңнаманы бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік берді.

Комплаенс институтының негізгі қағидаты оны енгізудің ерікті сипаты және құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.

Бүгінгі күні монополияға қарсы комплаенс институтын жетілдіру бойынша жұмыстар аяқталды, алдағы уақытта ірі бизнес субъектілеріне монополияға қарсы комплаенстің ішкі актісін әзірлеу үшін әдістемелік ұсынымдар жіберілетін болады.

Бұл әдістемелік ұсынымдар негіздемелік болып табылады және монополияға қарсы комплаенстің ішкі актісін қабылдау, сондай-ақ оны енгізу және тиімді жұмыс істеуі үшін жауапты тұлғаларды айқындау бойынша шешімді бизнес субъектілері дербес қабылдайды.