Монополияға қарсы күрес агенттігі Қазақстанның ұялы байланыс операторларын айыптады

АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі Қазақстанның байланыс операторларының бәсекеге қарсы әрекеттерін айыптауда.

Монополияға қарсы күрес агенттігі Қазақстанның ұялы байланыс операторларын айыптады

«Кар-Тел», «GSM Казахстан ОАО «Қазақтелеком», «Алтел» және олардың серіктестері болып табылатын төлем терминалдары операторларының тарапынан жасалып жатқан әрекеттерде бәсекеге қарсы келісімнің белгілері бар», - деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

 Компаниялар тауарлы базарларды жабдықтаушылар бойынша бөліп алу, белгілі бір жабдықтаушылармен жұмыс жасауға келісімін қасақана бермеу немесе келісімшарттан жалтару, тауарлы базарға нарықтың өзге субъектілерін кіргізбеу немесе аластату сынды әрекеттерге жол берген.