Монополияға қарсы ведомство жұмыртқаның қымбаттауына байланысты 12 тексеру тағайындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы жылдың 20 тамызындағы жағдаймен салыстырғанда 7 желтоқсанда Қазақстанның азық-түлік нарығында жұмыртқа бағасы 5,3 %-дан 100 %-ға дейін қымбаттағаны байқалады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет хабарлап отыр.

Монополияға қарсы ведомство жұмыртқаның қымбаттауына байланысты 12 тексеру тағайындады

Осылайша, монополияға қарсы ведомство жұмыртқа бағасын негізсіз қымбаттатқан жайттарға тексеру тағайындап отыр. Қазір жүріп жатқан тексерулердің нәтижесіне қарасақ, жұмыртқа бағасын шығаратын өндірушілердің бағаны негізсіз қымбаттатуға қақылары жоқ. Жұмыртқа құны нарықтағы алыпсатарлардың бағаны өзара келісіп, қазіргі жағдайды теріс пиғылда пайдалануы салдарынан қымбаттап отыр.

Сондықтан, монополияға қарсы ведомство бағаны келісіп, қымбаттатып отырған 50 субьектіге қатысты 12 тексеру тағайындаған. Монополистің бағаны шарықтатып, жұмыртқаны сатуға шектеу қою арқылы нарықтағы сұранысты арттырған субъектіге қатысты бөлек бір тексеру тағайындалған.

Мысалы, бүгінде Қызылорда облысындағы субъектілерге қатысты тексерулердің қорытындысы сотқа тапсырылып отыр. Бірақ, айта кетерлігі, бірқатар БАҚ-та жарияланған бағаға қатысты қылмыстық істер туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Монополияға қарсы комитет те, оның аймақтық бөлімшелері де құс фабрикаларының басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғамаған және құқық қорғау органдарына бұндай іс тапсырмаған.