05:19, 10 Қаңтар 2015 | GMT +5
Монпельеде дүкен тонаушы полицияға өз еркімен берілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның оңтүстігіндегі Монпелье қаласында зергерлік бұйымдар дүкенін тонау үшін адамдарды кепілге алған қарулы тонаушы, қастандық пиғылын іске асыра алмай полиция қолына берілді, деп хабарлады РИА Новости.
Дерекөздерге сілтеме жасай отырып, Франс Пресс агенттігі хабарлағандай, қылмыскер жасы қырықтар шамасындағы екі әйелді (дүңгіршек қыметкері мен зергердің жұбайы) кепілде ұстаған. Екеуі де зардап шекпеген деп хабарлады дереккөз. Ұры өз еркімен оларды босатып жіберген.
Монпелье прокуроры Кристоф Барре бұдан бұрын Парижде жасалған лаңкестіктің бұған еш қатысы жоқ екенін мәлімдеген.