Монреальда жеңіліп қалған Рыбакинаның әлемдік рейтингі өзгерді ме
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Монреалында өткен WTA 1000 турнирінен кейін әлемдік рейтингідегі орнын сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Шредингер спорты» Telegram-каналына сілтеме жасап.
Әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина жексенбі күні түнде Монреальдағы турнирдің жартылай финалында әлемнің 18-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновамен ойнады.
Рыбакина Людмила Самсоноваға қарсы бірінші сетте 6:1 есебімен жеңген еді, бірақ кейін 1:6 және 2:6 есебімен есе жіберді. Осылайша, қазақстандық теннисші турнирдегі жарысын аяқтады. Ал 24 жастағы Самсонова үшін бұл мансабындағы ең сәтті турнир және осы жеңістен кейін Ресейдің алғашқы ракеткасы атанды. Ол 6 орынға көтеріліп, әлемнің 12-ракеткасы болды.
Е.Рыбакина әлемдік рейтингідегі 4-ші орнын сақтап қалды.
