Монроның белгісіз суреттері аукционға шығарылады
АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Мэрилин Монроның бұрын белгісіз болып келген фото суреттері аукционға қойылмақ.
The Associated Press -тің хабарлауынша, әлемге танымал жанның 100-ге жуық бұрын еш жерде жарық көрмеген фотосуреттер сатуға шығарылады.
Әдетте, Монроның жеке мүліктері аукционға аса ауқымды кіріс әкеледі.
Коллекция жинаушылар болса, оған байланысты заттардың бәрін сатуға тырысады. Мысалы, өткен жылы Монроның көйлегі 4,6 млн. долларға, ал неке сақинасы 516 мың долларға сатылған.