Монсеррат Кабалье айлакерлігі үшін жарты жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Барселона қаласының соты белгілі опера әншісі Монсеррат Кабальені алаяқ әрекеті үшін алты айға соттады, деп хабарлады Росбалт.

Монсеррат Кабалье айлакерлігі үшін жарты жылға сотталды

Сонымен қатар, 82 жастағы Кабальеге 255 мың еуро айыппұл салынды. Ол кінәсын мойындап, денсаулығына байланысты сот отырысына келмеді. Ол үйінен видеоконференция арқылы мәлімдеме жасады. Прокуратурамен жасалған келісімге сәйкес, Кабалье түрмеде отырмауы мүмкін.

Айта кетейік, әнші 2010 жылы заңды тұлға ретінде салық төлемеді деп айыпталып отыр. Кабалье ресми түрде Андорра тұрғыны екенін алға тартқан. Сондықтан, Испанияда салық төлемеген. Алайда, прокуратура әншінің салық төлеуден жалтару үшін қалай андорралық болғанын анықтады. Шын мәнінде әнші Барселонада тұратын болып шықты.