Moody's Сауд Арабиясының, Бахрейн мен Оманның рейтингісін төмендетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Moody's рейтингілік агенттігі мұнай бағасының төмен болуымен байланысты Сауд Арабиясының, Бахрейн мен Оманның рейтингісін төмендетуге шешім қабылдады, деп хабарлады Gazeta.ru.
Сауд Арабиясы эмитентінің ұзақ мерзімді рейтингісін А1, Бахрейнді - Ва2, Оманды - Ваа1 деңгейіне дейін төмендету ұйғарылды.
Агенттік сондай-ақ Кувейттің, Катардың, БАӘ-нің және Әбу-Дабидің келеңсіз болжамын қайта қарап, олардың рейтингісін Аа2 деңгейінде сақтады.