Moody's агенттігі «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ корпоративтік рейтинг болжамын «Тұрақтыға» өзгертті
«Moody's Investors Service» агенттігінің 2018 жылдың 23 қарашасындағы несиелік ұйғарымына сәйкес «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның В1 корпоративтік рейтинг болжамының мәртебесі «Ықтимал төмендетуден» «Тұрақтыға» өзгертілді», - делінген компания таратқан баспасөз мәлімдемесінде.
Moody's Investors Service зерттеулеріне сәйкес, рейтинг бойынша «тұрақты» болжамы агенттіктің 2018 жылдың желтоқсанында болатын «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның өзінің облигацияларын өтеу болжамдарын, сонымен қатар компанияның 2017 жылмен салыстырғандағы қаржылық ахуалын «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-нан мемлекеттік қолдау алу арқылы тұрақты жақсаруын күтетіндігін көрсетеді.
Бұл болжам 2018 жылы корпорацияның басқаруына «ҚазАгро» холдингі арқылы мемлекеттің тығызырақ қатысуын және мемлекет тарапынан Қазақстанның аграрлық саласын қолдаудың жалпы өсуі бойынша компанияны мемлекеттік қолдауды арттырудың белгілерін қарастырады.
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның негізгі қызметі Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу, ішкі астық нарығын тұрақтандыруға және экпорттың дамуына жәрдемдесу екенін еске сала кетейік. Компанияның жалғыз акционері - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.