Moody's Қазақстан Даму Банкінің ұзақ мерзімді рейтингі бойынша болжамын оңға өзгертті

Moody's халықаралық рейтингтік агенттігі «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) эмитентінің Baa2 деңгейіндегі ұзақ мерзімді рейтингтерін растады, бұл ретте болжам «тұрақтыдан» «оңға» өзгертілді, деп хабарлайды Kazinform.

Банк
Фото: БРК

Бұл Moody's-тің 2023 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының рейтингін Baa2 деңгейінде растау және оның болжамын «тұрақтыдан» «оңға» өзгерту шешіміне байланысты болды.

Сондай-ақ банктің еншілес ұйымы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ эмитентінің ұзақ мерзімді рейтингтері Ba2 деңгейінен Ba1-ге дейін «оң» болжаммен өсті.

Айта кетейік, ҚДБ рейтингтері Қазақстан Республикасының егеменді рейтингтері деңгейінде: S&P агенттігі бойынша BBB- «тұрақты» болжамға және Fitch бойынша BBB «тұрақты» болжамға ие.