Мопед айдаған 16 жасар атыраулық жол апатынан соң ауруханаға жеткізілді

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырауда жол апатынан 16 жасар жасөспірім зардап шекті. Жасөпірім мопедпен шағын автобусқа соқтығысқан.

жедел жәрдем
Фото: Жетісу облыстық жедел жәрдем қызметі

Атырау қалалық полиция басқармасының мәліметінетіне қарағанда, жол-көлік оқиғасы 27 қаңтарда кешкі сғат 18:50 шамасында болған. 

— Атырау қаласындағы Владимирский көшесінде Toyota Hiace автокөлігі солға бұрылу кезінде қарама-қарсы келе жатқан мопедпен соқтығысқан. Шағын автобустың рульінде 49 жастағы жүрігізуші болған. Ал мопедті 16 жастағы жасөспірім жүргізген. Жол-көлік оқиғасының жасөспірім түрлі дене жарақатын алды. Зрадап шеккен жасөспірім жедел жәрдем бригадасының көлігімен Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлады полиция басқармасынан. 

Аталған жол-көлік оқиғасының мән-жайы тексеріліп, тиісті іс құжаттары жинақталып жатыр.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жол апатынан 16 жасар жасөспірім мерт болып, 2 адам ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар