«MoRandi» тобы Астананың туған күніне орай өзінің «Rock the world» деген жаңа әнін ұсынады

Қазақстан, Ресей, шет елдің танымал жұлдыздары өнер көрсететін ғажайып Гала-концерт Қала күніне орай алғаш рет ұйымдастырылып отырған жоқ. Алайда аталмыш концерт астаналық жастар мен мереке қонақтарының көпке дейін есінде қалады деп жоспарлануда, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Мерекелік концертке асыға келген қала тұрғындары мен қонақтары төрт сағат бойы танымал орындаушылардың әйгілі әндерін тамашалайтын болады. Концерт қонақтары - отандық эстраданың танымал әртістері мен әлемдік хит-парадтардың алдыңғы шебін иемденген шет ел жұлдыздары. Биылғы жылы Астананың туған күні мерекесінің қонақтары есебінде Сергей Лазарев, «Город 312» тобы мен «Инь-Янь», «А'Студио» шақырылды. Қазақстандық тыңдармандар танымал орындаушы r&b Ne-Yo мен Morandi сынды әйгілі топтың өнеріне Астана төрінде куә болады. Бүгін «Хан-Шатыр» орталығында өткізілген баспасөз мәслихатында румындық жоба Мариус Мога и Андрей Ропчеа-Ранди бастаған «MoRandi» тобы Астананың туған күніне орай «Rock the world» жаңа шығармасын ұсынатыны туралы хабарлады. Әлемге әйгілі әншілердің мерекелік шашуы естен кетпес нағыз жұлдызды сәтке айналады деп күтілуде.