Мораторийді ұзарту бюджет кірістерінің азайып, заңдардың орындалу сапасын төмендету қаупін тудырады

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Мораторийді ұзарту бюджет кірістерінің азайып, заңдардың орындалу сапасын төмендету қаупін тудырады.
None
None
Бүгін «Қазақстан дамуының қазіргі жағдайындағы фискалдық-бюджеттік саясаттың рөлі» атты дөңгелек үстел жиынында сөз сөйлеген Сенат Төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Шағын және орта бизнес ел экономикасын дамыту факторларының маңызды құрамдас бөлігі. 2009 жылдың шілдесіне дейін бұл салада тексерулерге жасалған мораторийді Мемлекет басшысы қолдады. Жалпы бұл ретте бизнестің заң алдындағы, биліктің қоғам мен бизнес алдындағы жауапкершілігі тең болуын ескеру керек. Алайда, мораторийді ұзарту бюджет кірістерінің азайып, заңдардың орындалу сапасын төмендету қаупін тудырады. Бұдан басқа, 2008 жылы бірқатар ұйымдар нақ осы мораторий кезеңінде ашылып, ол бітер мерзімде қайта жабылып қалған. Шындығында, заң жолымен ұйымдарды жабу қиын екені белгілі. Сонда мұндай әділетсіздікке неге жеңіл жол ашылып отыр», деді М. Көпеев. Сенатордың айтуына қарағанда, шағын кәсіпкерлік субектілерінен түсетін салық төлемдерінің деңгейін азайта беруге болмайды. Сонымен бірге, кәсіпкерді тексеру жөніндегі бүкіл нормативті жүйеге келтіру және оны бизнес үшін біріңғай, ашық әрі түсінікті ету қажет.
Соңғы жаңалықтар